Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Директор лауазымына отырған әдепсіз бір кісі жүргізушісінен сұрайды:
– Айтшы шопыр бала! Есекпен шофердың арасында қандай айырмашылық бар?
Жүргізушісі біраз ойланып ұялған сыңай танытып:
– Білмедім басеке-дейді. Сонда бастығы былай дейді:
– Есекке “ышша” десең тоқтайды, ал шопырға “тоқта” десең тоқтайды.
Жүргізуші бұған қатты ашуланады, бірақ бастығы болғандықтан ешнәрсе айта алмайды. Біраз уақыттан кейін жүргізуші директордан сұрайды:
– Бір сұрақ сұрасам бола ма басеке?
– Иә сұрай бер.
– Есекпен бастықтың арасында не айырмашылық бар?
– Таппадым, сен айтшы жауабын!
– Ант етейін басеке мен де таппадым…))

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып сауда жасап жатқанында, мейрамхананың иесі Қожанасырға:
– Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісінен пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек!- дейді.
– Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
– Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
– Ал Қожеке, бұған не айтасыз?-дейді.
– Дұрыс, депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық…

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Әйелі күйеуіне келіп:
– Менің машинамның карбюраторына су кіріп кетті.
– Карбюраторда қайдағы су?
– Мен айтып тұрмын ғой су.
– Сен карбюратордың не екенін білмейсін ғой!!! Көрсет, қане сенің машинаң?
– Бассейнде!!!!!!!!

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!