Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бір күні Қожанасыр түнде шөлдеп құдыққа барып су ішейін депті. Құдықтың түбіне қараса айдың бейнесі суға түсіп тұр екен. Ол ай құдыққа түсіп кеткен екен деп шелекті құдықтан қатты тартқаны соншалық тіпті өзі шалқасынан түсіпті. Аспанға қараса ай тұр екен. Сонда Қожанасыр қуанып “Айды аспанға бір шығардым ау” депті.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Такси тоқтатқан жігіт:
– Вокзалға дейін қанша аласыз?
– Екі мың теңге.
– Ал мына жүктеріме қанша төлеймін?
– Багаж тегін ғой бізде.
– Онда жүгімді ала кетіңіз! Мен артыңыздан трамваймен жетемін.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Кішкентай екі бала сөйлесіп тұр:
– Туған күнің қашан?
– 20 қарашада.
– Қай жылы?
– Жыл сайын ғой…

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Төбет күшігін шақырып алып:
– Мектепке сабаққа жақсы дайындаласыңдар ма? – деп сұрайды.
– Әрине, жақсы дайындаламыз.
– Оқуды үйрендің бе?
– Жоқ.
– Санауды ше?
– Жоқ.
– Түбің түскір–ау, мектепте не үйретеді?
– Біз шет тілін үйреніп жүрміз?
-Жақсы екен. Шет тілінде бірдеңе айта қойшы?
– Мияу –у!

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!