Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бiр жiгiт ұйықтап жатып өлiп кетiптi. О дүниеге барыпты. Ақ сақалды бiр шал отыр екен. Ол жiгiттiң iстерiн таразыға салып өлшеп көрсе күнәсi мен сауабы тең түсiптi. Содан шал жiгiтке сен өмiрге қайтып ораласың бiрақ адам емес тауық немесе жылқы болып, өзiң таңдап шеш дептi. Жiгiт ойланып тұрып жылқы болсам үстiме адамдар мiнедi тауық болайын деп шешiптi. Сонымен бiр кезде қараса тауыққорада екен. Адамдар бiр тауықтардың басын шауып жатыр екен. Жiгiт қасындағы тауықтан неге екенiн сұраса тумаған соң шауып жатыр дейдi. Құрсын мен де туайын деп бар күшiмен кушенсе бiреу бетiнен салып қалыпты. Көзiн ашса әйелi тұр екен. Сүмелек бұтыңа жiберiп қойдың гой деп айқай салыпты.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Екі теңізші
Бір соғыс кемесі қараңғы және тұманды түнде жүзіп келеді. Басқару бөліміндегі капитан алдында ұзақтан жақындап келе жатқан жарықты көреді. Дереу қарсы бетке сигнал жіберіп, араларында мынадай әңгіме өтеді:
– Тез арада бағыттарыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұрыңдар!
Сол мезетте қарсы жақтан да жауап келеді:
– Өздерің бағыттарыңды батысқа қарай 30 градусқа бұрыңдар!
Капитан мұндай жауапқа таңырқап, ашуланады. Екі жақтың араларында өткен диалог бір неше рет өзгеріссіз тағы қайталанады.
– Мен 30 жылдық капитанмын, саған соңғы рет қайталаймын, бағытыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұр!
– Сен 30 жылдық капитан болсаң, мен де 20 жылдық теңізшімін. Сен бағытыңды батысқа қарай 30 градусқа бұр!
Капитанның ашуланғаны соншалықты, экипажына барлық зеңбіректерді атуға дайындауды әмір етеді де, соңғы рет хабарламаны жібереді:
– Бұл әскери кеме, тез арада бағыттарыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұрмасаңдар оқ жаудыра бастаймыз!
– Ал бұл жер шамшырақ (маяк)… Сендер бағыттарыңды батысқа қарай 30 градусқа бұрмасаңдар, біраздан кейін жартастарға ұрылып қирайсыңдар…

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Агата Кристиге таныстары:
-Неге археологқа күйеуге шықтыңыз? — десе, ол:
-Бұларға көнерген сайын құның арта беред — деген екен.

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!