Қазақша

Ертең – сенбі…

Ертең – сенбі…
Өмір өтіп барады,
Осы аптада бітіргенім шамалы!
Осы аптада бітірем деп жүргенде,
О, әкеңнің… сенбі келіп қалады…

Ертең – сенбі…
Ертең тағы − демалыс,
Көңілімді кері итерер кері ағыс,
Бір аптаға, жоқ, бір айға жоқ болып,
Елге кетіп қалсам ба екен ең алыс?!

Ертең – сенбі…
Түсінбедім, не бұным?
Екі күн + той, бес күн + жұмыс = Өмірім?!
Тойға барып қарным тойып келсе де,
Неге менің аш қайтады көңілім?!

Ертең – сенбі…
Қайдан ұқсын басқалар?!
Ішу-құсу, жылау-сықтау басталар:
Күйеулері маймыл құсап мас болар,
Әйелдердің әжіміне жас толар…

Ертең – сенбі…
Түсініксіз не екені?!
Оқу керек М.Тәтімов көкені!
Сенбі күні неге жігіт азайып,
Көшелерде қыз көбейіп кетеді?!

Ертең – сенбі…
Әуелейді әніміз,
Дайын тұрар дастарханда дәміңіз.
Сенбі күні қуанамыз бәріміз,
Сенбі күні мұңаяды кәрі қыз…

Ертең – сенбі…
Шыр айналып қаланы,
Біреу – теңге, біреу – жеңге табады.
Үйленетін жігіттей боп киініп,
Тамадалар тойға кетіп барады…

Ертең – сенбі…
Оттай жанып жанары,
О, қаншама қыздың бағы жанады?!
Бір бойжеткен неке жүзік таққанда,
Жүз бойжеткен үміттеніп қалады.

Ертең – сенбі…
Бүгін ─ жұма, Құдайым,
Жүрегімді жайып… дұға қылайын:
Адасқандар арманына қосылып,
Бірін-бірі бақытты етсін, ылайым!

Ертең – сенбі…
Өте шығар күн қысқа,
Қызмет қуып, қызық қуып, тырмыспа!
Ертең – сенбі,
Өмір өтіп барады-ай…

Авторын білмедім бірақ өлең ұнады

***

***

Жұмбақ;
1) Ешкіммен жатқаным жоқ, күнәға батқаным жоқ.
Бірақ, үш балам бар. Жауабы 5-әріптен тұрады.
Жаман ойлағанның өзі жаман.

2) Жазда ысиды, қыста үсиді, үнемі қышиды.
жауабы 5-әріп, жаман ойлағанның өзі жаман.

3) Бір жеріңе ілініп тұрады, өзіңе білініп тұрады.
молда түкіріп береді, әйелің бітіріп береді.
бұлда 5-әріп, ойы жаманның өзі жаман. Жұмбақты шешіп отырайық.

~~~~~ «Anekdot.Online»«Anekdot.Club» ~~~~~

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!