Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Қожанасыр жолда келе жатып жаңғақ ағашының астына көлеңкелеп отырады. Ағаштың маңында асқабақ бақшасы бар еді. Қожа: «Мына табиғаттың қызығын-ай асқабақтың сабағы кіп-кішкентай бірақ жемісі менің қапшығымдай үп-үлкен. Ал мына діңгегі қалың еңгезердей ағаштың жемісі болса есектің көзінен де кіп-кішкентай» деп іштей ойлайды. Ол осылай ойлап отырғанында басына тарс етіп бір жаңғақ түседі. Шекесі қызарып қалған қожа жаңғаққа бір, асқабаққа бір қарап: «Тәубә, сөзімді кері алдым. Астында отырған мына ағаш асқабақ ағашы болғанда қайтер едім» деген екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бірге тұратын төрт студент математикадан болатын емтиханға ұйықтап қалады. Профессорға барып көліктерінің дөңгелегі жарылып қалғандығынан емтиханға кешіккендерін айтып, төртеуі үшін қайта емтихан алуын өтінеді. Профессор келіседі. Ертеңіне төртеуін аудиторияның төрт бұрышына отырғызады. Бірінші мен екінші сұраққа 15 балдан қоятынын, ал үшінші сұраққа дұрыс жауап берсе 70 бал қоятынын айтады. Емтихандағы ең қызық және ең қиын үшінші сұрақ болатын: «Көліктің қай дөңгелегі жарылды?..»

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бірде қалада оқитын студент ауылдағы үйіне былай деп хат жазып жібереді:

“Әке, маған дәптер-мәптер, бал-пал, киім-кешек алатын жүз мың теңге салып жіберіңізші”.
Сонда әкесі жауап ретінде:
“Балам, дәптер ал, – мәптерді қайтесің, бал ал, – палды қайтесің, киім ал, – кешекті қайтесің, – деп елу мың теңге салып жіберген екен.

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!