∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗
Нью-Йоркта бір банктің алдына соңғы модельді люкс класты көліктен түскен адам жылдам қадамдармен банкке кіріп келіп шұғыл түрде кредит алғысы келетінін айтады. Банк қызметкеріне өте шұғыл шаруалармен Еуропаға кетуі керектігін және осы себепті 1 апта көлеміне бес мың доллар кредит алуы керектігін айтады. Банк қызметкері клиент турасында қысқаша анықтама жинағаннан кейін: «Финанциялық және материалдық жағдайыңызды қарадық. Бұл кредитті алуыңызға ешқандай кедергі жоқ. Бірақ біздің банкімізбен бұрын соңды жұмыс істемеген екенсіз. Банк ретінде сізді танымаймыз. Осы себепті кредитті бере алуымыз үшін сізден кепілдік сұрауға мәжбүрміз» дейді. Әлгі адам стол үстіне көлігінің кілті мен құжаттарын қойып: «Өте асығыс едім, ұшаққа үлгеруім керек. Кепілдікке есік алдындағы люкс көлігімді алсаңыздар болады» дейді.
Кредит рәсімдері тез арада бітіп, банк қызметкерлері көлікті банк гаражына кіргізеді де әлгі кісіге бес мың доллар береді. Банк қызметкері бір апта бойы бұл кісі туралы ақпарат жинап, оның өте бай адам екенін анықтайды. Бір аптадан кейін әлгі адам келіп бес мың долларлық қарызы мен 9,5 долларлық апталық пайызын төлейді. Банк қызметкері клиентінен таңдана сұрайды:
– Сіз өте бай кәсіпкер екенсіз ғой. Айтыңызшы, сіз үшін арзымаған сома болатын бес мың долларлық кредитті не үшін алдыңыз?- дейді. Бай кәсіпкердің жауабы:
– Мынадай люкс көлікті Нью-Йоркта қай жабық гаражға 9,5 доллармен 1 аптаға қалдыра алар едім?!
Бай болу үшін ақыл да керек 🙂
∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗
Риодан медаль алып келген спортшыға мемлекет тарапынан 250 000 АҚШ доллар, бапкеріне 250 000 АҚШ доллар, 3 бөлмелі пәтер, әкімшілік тарапынан машина беріледі, – деген хабарламаны оқып отырған ҰОС-ның ардагері айтыпты:
– Е, медальді Берлиннен емес, Риодан алып келу керек екен”, – депті…
∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗
Сапасыз тұрғызылып құлаған тұрғын үйдің мән-жайын, құлау себебі мен кінәліні анықтау үшін сот құрылады. Әдеттегідей кінәліні табу қиынға соғады. Содан сотқа бірінші кірпіш шақырылып, сұраққа алынады: «Сен кінәлісің, сен сапасыз болғандықтан үй құлады» дейді. Кірпіш: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, мен өз қызметімді дұрыс атқардым, құмнан немесе цементтен сұраңыз бәлкім солар кінәлі шығар» дейді. Сонан соң құм сұраққа алынады: «Сен кінәлісің, сенің кесіріңнен үй құлап қалды» делінеді. Құм: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, мен де өз қызметімді аздап болса да атқардым, сіз цементтен сұраңыз мән-жайды» дейді. Кейін цементті шақыртып, сұраққа алады: «Үйдің құлағанына сен кінәлі екенсің, мойында» дейді. Сонда цемент: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, менің қатысым жоқ, мен ол жерде мүлдем болған емеспін» деген екен.