Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бір ауылда бір шал бәрін мазақтап, бәрімен қалжыңдасады екен. Бір күні сол шалдың Ақтөс деген иті өліп қалады. Ауылдағы жігіттер жиналып:
– Біз де барып қалжыңдайық. Иті өлгеніне көңіл айтып барайық – дейді.
Жігіттер жиналып барса, шал есік алдында отыр екен.
– Ата, итіңіздің арты жақсы болсын! – деп жігіттер шалды құшақтап көңіл айтыпты. Сонда шал:
– Әй, кемпір, шай қой, Ақтөстің достары келді! – депті.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Өлген қазан
Қожанасыр қонақ шақыратын болып көршісінен үлкен қазанын сұрап алыпты. Ертеңіне қазанын әкетуге келген көршісі жуулы қазанының қасында өзінікіне ұқсаған кіші қазанның да тұрғанын көреді. Қожанасыр қалжыңдап: «Түнде толғатып қазаның босанды» дейді. Көршісі еш кідірместен: «Ә бәрекелді, жақсы болған екен» деп екеуін де алып кетеді. Келесі жолы қонақ шақырғанында Қожанасыр әлгі көршісінің қазанын тағы сұрап алады. Бұл жолы қазанын әкетуге келген көршісіне Қожекең: «Қазаның жоқ, қазаның түнде толғатып жатып өліп қалды» дейді. Көршісі ашуланып: «Қазан өлуші ме еді, басымды қатырма, қазанымды бер» дейді. Сонда Қожекең: «Толғатып тағы бір қазан туғанына сенген адам, өлгеніне де сенуі тиіс» деген екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Мас күйінде көлік жүргізбек болған адам жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Мас жүргізуші аяғы сынған жаяу жүргіншіге «Егер сотқа арызданбайтын болсаң, саған көп ақша беремін» дейді. Жаяу жүргінші: «Болады, неге болмасқа, маған 500 миллион теңге берсең, арызданудан бастартамын» дейді. Жүргізуші ашуланып: «Сен не, мені миллиардер деп ойлап тұрсың ба?» дейді. Жаяу жүргінші болса: «Сен не, мені қырықаяқ деп ойлап тұрсың ба?» деген екен.

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!