Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Дәрігер науқасқа:
— Сіздің құрттаған тістеріңізді емдеу үшін, мына алтын тісіңізді жұлу керек.
— Неге?
— Енді, емнің ақшасын кім төлейді?

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бір күні мұғалім сыныптағы оқушыларына жақсы адам болу, адамдарға жақсылық жасау туралы айтып, тәрбие сағатын өткізеді. Ертеңіне бір оқушысы қолын көтеріп:
– Апай, мен кеше көзі көрмейтін кісіні жолдан өткізіп жібердім,- дейді. Мұғалім:
– Бәрекелді, жарайсың Мақсат!- деп мақтайды. Оның артынша тағы бір оқушысы қолын көтереді де:
– Апай мен кеше Мақсатқа әлгі соқыр кісіні жолдан өткізуге көмектестім, -дейді. Апай:
– Неге, Мақсат өзі өткізе алмас па еді?
– Жоқ, ол кісі жолдан өткісі келмеді, біз оны мәжбүрлеп өткіздік,- деген екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бір кісі дәріханаға келіп былай деп сұрайды:
– Сізде Ацетилсалицил қышқылы бар ма?
– Аспирин ба? Иә, бар.
– Иә, иә, аспирин беріңізші. Атын ұмытып қала берем.

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!