Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бірде қазақ жігіті Францияға бармақшы болады. Бірақ ол француз тілін білмейді екен. Содан досына келіп ақыл сұрайды. Сонда досы:
— Оның несі қиын, сөздің басына «ф» әрпін қойып сөйлей бер! — дейді.
Бірер айдан соң әлгі жігіт Франция ұшағынан түсіп жатыр дейді. Содан Париждің көшелерінде ал келіп адасады. Амал жоқ, алғаш кезіккен жігіттен қинала-қинала жөн сұрауына тура келеді:
— Фауырым, фұл фай фөше? — деген екен абдырап. Сөйтсе, әлгі жігіт:
— Фратан, фөзім де філмеймін! — деп жауап қайтарған екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бір қожайын жаңадан алған үй қызметшісіне:
— Бақшаға барып шалқан жұлып әкел, — деп әмір етеді. Малай шығып кетеді де бірнеше түп шалқан жұлып әкеледі.
— Өй, кеще! «Шалқан жұл» дегенімді — «Шалқанды жұлып әкелсем болды» деп түсінгенің бе?! Жұлған соң оны тазалап жуып, турап, одан соң оған қаймақ құйып, үстіне аскөк сеуіп әкелмейсің бе?!
Сол күні қожайын аяқ-асты ауырып қалады да, малайын дәрігер шақыруға жұмсайды. Кешке қарай бір-ақ оралған қызметші:
— Тапсырмаңыз түгел орындалды. Дәрігер шақырдым. Дәрі-дәрмек алдым, табыт жасауға тапсырыс бердім, зираттан қабір қаздырып қойдым! — депті.

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!