Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Қыз: Темекі шегесің бе?
Жігіт: Иә.
қыз: Күніне қанша рет?
Жігіт: 3
Қыз: 1 темекі неше теңге?
Жігіт: 100 тг
Қыз: Қанша жылдан бері шегіп келесің?
Жігіт: 15
Қыз: Күнде 3 темекі шеккеніңе қарағанда 1 айда 9000тг, ал 1 жылда
108000тг, ал 15 жылда 1620000тг (10800$), 15 жыл шекпей ақшаңды жинағаныңда қазір өзіңе бір керемет машина сатып алар едің
Жігіт: Хмм… Сен темекі шегесің бе?
Қыз: Жоқ.
Жігіт: Онда айтшы сенің машинаң қайда?

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Мұғалім үй жұмысына жалқаулық туралы шығарма жазып келіңдер деп тапсырма берген болатын. Жалқаулықты кім ең жақсы түрде сипаттаса жүлде бар дейді. Сыныптағылардың пікірі бойынша бір баланың шығармасы жалқаулықты ең жақсы түрде сиппаттады деп қабылданады, бірақ әлгі балаға мұғалім екі қояды. Өйткені ол іші бос парақ өткізген болатын. 🙂

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Келіндердің әңгімесі:
– Көзіңе не болған құрбым?
– Сиыр сауып отырғанда құйрығы тиіп кетті.
– Қалжыңдап тұрсың ба, сиырдың құйрығы көзді осылай көгерте ме?
– Құйрығын бұлаңдатпасын деп тас байлап қойған едім.

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!