Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Астанадан Алматыға қатынайтын ұшақта бір кісі жанында отырған әйелге көп білетіндігін паш ете отырады. Көп білетіндігін көрсетем деп, мақтанудың ырқына кіріп кеткендігі соншалық, бірде жанындағы әйелге ойын ойнауды ұсынады. «Сізге сұрақ қоямын, жауабын таппасаңыз маған 500 теңге бересіз, содан кейін сіз сұрақ қоясыз мен жауабын таппасам сізге 5000 теңге беремін» дейді. Әлгі әйел келіседі. «Ай мен жер арасындағы қашықтық қанша км?» дейді. Әйел үндеместен әмиянынан 500 теңге шығарып береді. Енді сұрақ қою кезегі әйелге келеді. «Тауға 3 аяқпен өрмелеп шығып, 4 аяқпен жерге түсетін не?» дейді. Әлгі кісі ары ойланып, бері ойланып, таба алмайды. Әмиянынан 5000 теңге шығарып береді. Әйел ақшаны әмиянына салып жатқанда әлгі кісі «жаңағы сұрақтың жауабы не?» дейді. Әйел тағы да үндеместен әлгі кісіге 500 теңге беріпті.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Құлағына сырға таққан, аздап боянған, шашы ұзын жас жігіт автобусқа мінеді. Келесі аялдамадан түспекші болған қарт әже: «Қызым шетке тұрасың ба, өтіп кетейін» дейді. Әлгі жігіт: «Апа, мен қыз емеспін» дейді. Кәрі апаның сол сәттегі сөзі автобустағыларды ду күлкіге қалдырған екен: «Ойбу байғұс-ау, жастайыңнан жесір қалғанбысың?» деген екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бір күні жануартану пәнінің мұғалімі оқушыларға сұрақ қояды.
– Африкада мекендейтін 5 жануарды атаңдар,- депті.
Сонда бір бала атып тұрып «2 піл, 3 жираф» деген екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Тiс дәрiгерi емделушiге күмiлжи қарап:
– Кешiрiңiз, мен сiздiң сау тiсiңiздi жұлып тастаған сияқтымын. Ендi ауру тiсiңiздi тағы жұлуға тура келедi, -дейдi.
Емделушi қан түкiрiп тұрып, қуанғанын жасыра алмай:
– Көз дәрiгерi болмағаныныз қандай жақсы болды! – депті.

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!