Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Ағарған шаш
Баласы қайта қайта бұзықтық жасап, мектепке шақырылған әкесі баласына қарап:
– Сен есейіп қалдың, енді ақылды бол балам! Сен еркелігіңді көрсетіп, бұзықтық жасаған сайын шашым ағаруда. Әкеңе жаның ашыса, енді гәрі ақымақ болма балам, жарай ма?! – дейді. Сонда баласы:
– Бәсе, неге атамның шашы аппақ десем, атама жаныңыз ашымаған екен ғой, – деген екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Профессор
Дәрісханада бақылау жұмысы өтіп жатады. Кезекті бір студент жұмысын тапсырғалы тұрғанда оның қобалжып, абыржыған түрін көрген профессор: «Сіз неге соншама абыржып тұрсыз? Менің сұрақтарымнан қорқасыз ба?» – деп сұраса, студент: «Жоқ, мен өзімнің жауаптарымнан қорқып тұрмын», – депті.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Жағажайда демалыс
Баласы жұмыстан келген әкесіне қарап: «Әке, бүгін дәрігерге қаралдым. Маған “денсаулығың жақсаруы үшін бір ай жағажайда демалуың қажет” деді. Бұған не дейсіз әке, қайда барамыз?» – дейді. Сонда әкесі: «Басқа дәрігерге барамыз» деген екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Адамның күні адаммен, маймылдың күні бананмен.

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!