Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Ерлі-зайыптылар демалысында палатка, керек жарақтарын алып табиғатқа шығады. Демалыстарының екінші күні кешкісін жақсылап тамақтанып ұйқыға батады. Бірнеше сағаттан кейін әйелі күйеуін оятады. Күйеуі ұйқысын бөлгеніне ренжігендей болып “Не болды, неге ояттың?” деп сұрайды. Әйелі үрейлі дауыспен:
– “Жоғарыға қарашы, не көріп тұрсың?” деп сұрайды.
Күйеуі аспанға бір қарап жауап береді:
– Осыған бола ояттың ба мені? Ал қарадым, миллиондаған жұлдыздарды көріп тұрмын.
– Жарайды бұлар саған нені көрсетіп тұр?
Әбден ұйқысы ашылған күйеуі кішкене ойланып тұрып былай жауап береді:
– Теологиялық жағынан қарағанда Құдайдың құдіретін және өз әлсіздігімді көріп тұрмын. Философиялық тұрғыдан қарағанда аспанның шексіздігін және оның алдында өзімнің түкке тұрғысыз екенімді көріп тұрмын. Астрономиялық жағынан галактикалардың, жұлдыздардың, планеталардың бар екенін көрдім. Ал жұлдыздардың орналасуына қарап арыстан шоқжұлдызына кіргенімізді және сағаттың түнгі 3 болғанын көріп тұрмын. Метеорологиялық тұрғыдан да ертең күннің ашық болатынын көріп тұрмын. Түннің ортасында неге сұрадың бұларды? Жарайды, ал енді сен айтшы, бұл саған нені көрсетіп тұр?
– Маған палаткамызды ұрлап кеткенін көрсетіп тұр…

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Қожанасырдың қолында өте әдемі жүзікті көрген саудагер досы Қожанасырға былай депті:
– Қожеке екеуміз бұрыннан доспыз. Жақында қажылыққа барамын, сізді қатты сағынатын боламын. Сондықтан жүзігіңізді маған сыйға берсеңіз, сізді сағынған кезімде жүзікке қарап сізді көргендей болар едім.
– Мен де сізді сағынатынға ұқсаймын. Ең дұрысы жүзік өзімде қалсын. Жүзікке қараған кезімде, досым сұрағанда бермеп едім деп сізді еске алып

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Медициналық тексеру кезінде жас жігіт әскерге жарамсыз болу мақсатымен көз дәрігеріне кіреді. Дәрігер тақтайшадағы әріптерді көрсетіп сұрайды:
– Мынау қандай әріп?
– Қай әріп?
– Мына тақтайшадағы әріптерді айтып тұрмын, көрмей тұрсың ба?
– Қандай тақтайша?
– Міне мына қабырғадағы ілулі тақтайша.
– Ол жерде қабырға бар ма не?
Ақыры әскерге жарамсыз болып шығады. Сол күні кешке әлгі жігіт кинотеатрға барады. Кино бітіп жарықтардың қосылуымен жанына қараса, күндіз өзінің әлгі қабылдауында болған дәрігерді көріп қалмай ма?! Дәрігер де оны танып қояды. Дәрігер енді сөйлей бастағанда, жігіт бірінші болып дәрігерден сұрайды:
– Кешіресіз ағай, қателесіп мінбеген сияқты едім ғой, бұл Айнабұлаққа баратын автобус емес па?

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!