∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗
Жас суретшіге бір әйел келіп:
— Менің портретімді салып бергеніңіз үшін қанша доллар сұрайсыз? — деп сұрайды.
— Бір мың доллар.
— Айнытпай саласыз ба?
— Егер айнытпай салсам, бес мың доллар төлейсіз, бикеш.
∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗
Әкесі жігіт болып қалған баласына қатты ұрсып жатыр:
— Апыр-ай, бір күннің ішінде, бар болғаны бір күннің ішінде осыншама ақымақтық жасағаныңа таңым бар…
Баласы:
— Несіне таңданасыз? Мен өте ерте тұрамын ғой…
∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗
Баласы әкесінен:
— Әке, ақша деген немене?
— Ақша деген — қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар!
— Ал ақша жоқ болса, не болады?
— Ақша жоқ дегеніміз — автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең…