Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Ұры иесі жоқ үйге түсіпті. Заттарды қаптап жатса, тордың ішіндегі тотықұс:
– Кеша бәрін көріп тұр. Кеша бәрін көріп тұр! – деп қақсап отыр екен.
Ұры торды орамалмен жауып тастапты.
Тотықұс:
– Кеша деген мен емес, Кеше деген — төбет. Кеша, фас! — деген екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Жындыхана асханасында жындылар тамақ күтіп отырады. Олардың алдарына аспазшылар бос тарелкалар мен қасықтар әкеліп қояды. Жындылар әдеттеріне салып, қасықпен бос тарелкадан тамақ ішіп жатқандай сатырлатып жатады. Тек біреуі ғана “ішпей” отырады. Аспазшы мынаның есі дұрыс-ау деп, қасына барып сұрайды:
– Сен неге “ішпей” отырсың?- десе жынды:
– Суысын деп отырмын,- депті.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

– Менде 2 хабар бар, біреуі жақсы ал екіншісі жаман. Қайсысынан бастайын?
– Жаманынан.
– Біз қателесіп сау аяғыңызды кесіп тастадық.
– Қалай?! Ал жақсысы???
– Ауру аяғыңызды емдеуге болады.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Ауру: – Дәрігер менде склероз басталды.
Дәрігер: – Қашан басталды?
Ауру: – Не қашан басталды?

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!