Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бір тойда асаба былай деген екен:
Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар!

Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба:
– Әже,мынауыңыз не?
Кемпір:
– Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті ))

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Түн ортасында біреудің үйінде карта ойналып жатыр. Таң атқанша шыдамы таусылған соң үйдің әйелі:
– Біздің үйде карта ойнағанды қашан қоясыңдар? –депті. Сонда күйеуі:
– Әй, Қатираш, айқайлама, енді бұл біздің үй емес, – деген екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бір кісі дәрігерге барып:
– Дәрігер мырза, әйелімнің құлағы естімей қалған сияқты, не істеуге болады?- дейді.
– Үйге барғанда әйеліңіздің артында, біраз ұзағырақта тұрып, орташа дауыспен оған сұрақ қойыңыз. Егер сізді естімесе жақынырақ барып сол сұрағыңызды тағы қайталаңыз. Қандай қашықтықта еститінін анықтайық, соған қарай бір ем қарастырамыз.
Әлгі кісі үйіне қайтады. Асхананың есігінде тұрып орташа дауыспен:
– Жаным, кешкі асқа қандай тамақ жейміз?- дейді.
Әйелі жауап бермейді. Ол жақынырақ келіп тағы да сұрайды:
– Жаным-ау, кешкі асқа қандай тамақ жейміз?
Әйелі тағы да жауап бермейді. Ол жанына келіп тағы:
– Бүгін кешкіге қандай тамақ?
Әйелі:
– Үшінші рет айтып тұрмын ғой саған, котлет!.. ))

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!