Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек.
– Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші! Лев Толстой деген классикті білесің бе?
– Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой…

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

– Иттің инфаркт алуы мүмкін бе?
– Егерде оған адамға жасаған жағдайды жасасаң, әбден мүмкін.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Тыйым салынған жерден бұрылыс жасамақ болған әйел жүргізуші бір ер кісінің көлігін соғады. Бақыттарына орай быт-шыты шыққан көліктерден екеуі де аман сау шығады. Еңбектеп, әрең дегенде сыртқа шығып әбіржіген түрде екеуі бір-біріне қарап күліп жібереді. Ашу мен өкініш те көрініс тапқан күлкіні әйел бірінші үзіп:
– Көліктеріміз быт-шыт болғанымен, екеумізге де ештеңе болмапты. Міне қызық! Сіз еркек мен әйел, меніңше бұл екеуміздің танысуымыз үшін белгі болса керек! Өміріміздің соңына дейін дос болып қалуымыз керек,- дейді. Ер кісі:
– Сөзіңіздің жаны бар!- дейді. Әйел:
– Қараңыз көлігім астан кестені шығып, аударылғанымен ішінде мен және мына шөлмектегі шарап аман қалыппыз! Айтсаң ешкім сенбес! Меніңше біз дәл қазір осы шөлмекті бөлісіп, аман қалғанымыз бен таныстығымызды жууымыз керек,- деп бөтелкені ер кісіге ұсынады. Апат салдарының абыржуы кете қоймаған кісі шөлмекті жартысына дейін ішіп, қалғанын әйелге ұсынады. Қолындағы тығынмен бетін жапқан әйел, шөлмекті өзіне қайтарады. Таң қалған ер кісі:
– Сен не ішпеймісің?- деп сұрайды. Сондағы әйелдің айтқан жауабы:
-Жоқ! Мен МАИ қызметкерінің келуін күтемін! ))

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!