Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Баяғыда бір бай болыпты. Қорасы қойға толы, шарасы майға толы екен. Бір күні байдың қорасындағы малына ұры түседі. Ұрыны ұстап алып.
– Атың кім? – деп сұраса
Ұры:
– Әрине – деп жауап береді.
– Не істеп жүрсің? – десе, тағыда әрине деп жауап беріпті.
– Елің қайда? – десе
“Әрине” – деп айта беріпті.
Сонда бай:
– Мынаның есі дұрыс емес шығар жіберіңдер. – деп босатады.
Сонда ұры:
– Қойға келген ұры едім, әринемен құтылдым деп қашып кетіпті.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Ертеде бір еріккен хан «Кім де кім есекті сөйлетсе соған екі қап алтын беремін, ал сөйлете алмаса басын шабамын» деп жаханға жар салыпты. Еcекті кім сөйлете алсын. Көпке дейін ешкім келмепті. Бір күні Алдар көсе ханның алдына барыпты. Өзінің есегін көрсетіп, “Мына есегімді сөйлете аламын. Ол үшін сіз маған 20 жыл уақыт және алтындарыңызды алдымен беріңіз.” – депті. Ешекті сөйлетемін дегенге таң қалған хан шартына көніп екі қапты алтынды есегіне артқызып егер сөйлете алмасаң басыңды аламын деп Алдарды жіберіпті. Алдарды көрген адамдар оны аяп, О ақымақ ешекті қалай сөйлетесің, ертең басыңды алады ғой. –депті.
Сонда Алдар,
— Мен емес сендер ақымақсыңдар. 20 жылға дейін не хан өледі, не мен өлемін, не есек өледі ғой. – деген екен.

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!