Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Кеше екі сағат бойына жарық сөніп қалды. Интернет өшіп, әбден әбігерлендік. Содан үйдегі адамдармен сөйлесіп, әңгімелесуге тура келді. Сөйтсем өздері жап-жақсы кісілер екен)))

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Екі жігіт кинотеатрда киноның бастағанын күтіп отыр екен. Бір кезде алдыңғы орынға бір тақырбас жігіт келіп отырыпты. Бірінші жігіт екіншісіне айтыпты:
– Давай 500 теңгеге бәстесейік, сен ана жігіттің басынан шерте алмайсың!
Екінші жігіт сәл ойланып:
– Жарайды келістік.
Екеуі солай бәстесіпті. Бір кезде әлгі жігіт тақырбастың басынан шертіп қалып:
– Ау Бәке қанша ай, қанша жыл өтті қайда жүрсің?
Тақырбас жігіт артына бұрылып:
– Кешіріңіз сіз қателесіп тұрсыз!
Біраз уақыт өткеннен кейін бірінші жігіт тағы да досына:
– Екінші рет тағы шерте аласың ба? Бұл жолы 1000 теңгеге бәстесейік,
– Жарайды бәстесейік, тағы шертіп көрейін.
Әлгі жігіт тақырбастың басынан тағы да шертіп тұрып:
– Ау Бәке неге мені ақымақ қылып отырсың, шашыңды алып тастағаныңмен қоймай мені танымайсың?
Тақырбас жігіт жынданып орнынан тұрып алдыңғы қатарға өтіп кетіпті, екі жігіт мазамды алмасын деп.
Бірер минуттан соң:
– Үшінші рет шерте аласың ба бұл жолы 2000 теңгеге бәстесейік?
– Жарайды келістік.
Әлгі жігіт тақырбасқа қарай жақындап барып тағы да басынан шертіп тұрып:
– Ой! Бәке, сен осында отыр екенсің ғой, ал мен болсам ана жақта жарты сағат бойы сен деп ойлап басқа жігіттің мазасын алып отырсам…

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Жұмысқа келгесін, компьютерді іске қосқанмен, интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Дагы күлкүлүү
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!