Қазақша

Қазақша анекдоттар (әзілдер)

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Бір жігіт пен қыз қыдырып жүрсе керек. Бір кезде қыз:
– Мен тоңып қалдым, -депті. Жігіт костюмін шешіп береді.
Біраздан соң қыз:
– Тағы да тоңып барамын,-дейді. Жігіт дереу көйлегін шешіп береді. Тағы біраздан соң қыз:
– Білесің бе, бала кезімде өстіп тоңып қалсам, әкем құшағына алып жылытатын еді, -депті. Сонда жігіт:
– Енді түн жарымында мен саған әкеңді қайдан табамын, -деген екен.

∗∗∗∗∗Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар – ANEKDOT.KG∗∗∗∗∗

Қоян ақша жинап мотоцикл алыпты. Мотоцикліне мініп алып көшеде келе жатса, аю тоқтатып қасына отырып алыпты. Бір уақытта қоян аюға:
– Аю көзіңді жұм, қазір анау камаздың астынан өтіп кетеміз, – депті. Аю көзін жұмады, қоян камазды айналып өтіп кетеді. Аю таңқалып, ертесіне мотоцикл сатып алып, бала-шағасын мінгізіп алып:
– Қане, балаларым, көздеріңді жұмыңдар, қазір анау келе жатқан камаздың астынан өтіп кетеміз, – депті. Біраздан соң қараса мотоциклі бір жақта, алты баласы алты жақта, әйелі бір жақта быт-шыт болып жатыр екен. Аю жыны келіп, қайсысың көзіңді ашқан! – депті

Предыдущая страница 1 2 3 4 5 6 7 8Следующая страница

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!