Қазақша

Әйел барда

Әйел барда ашық тұрар есігің,
Әйел барда тербетулі бесігің!
Әйел барда, беделің де жоғары,
Әйел барда, өшпес сенің есімің!

Әйел барда, белің бекем буулы,
Әйел барда, мұрагерің туулы.
Әйел барда, қарның да тоқ, санаң тоқ,
Әйел барда киімің де жуулы!

Әйел барда, саулық та бар, сәлем бар.
Әйел барда, дәстүр де бар, кәдең бар.
Әйел барда, қонақ та бар, бәрі бар.
Әйел барда, таңғажайып әлем бар!

Әйел жоқта, кімге сен батырсың?
Әйел жоқта, кімге сазгер ақынсың?!
Әйел жоқта, өлең де жоқ, өмір жоқ.
Әйел жоқта, өз-өзіңе қатынсың!

Әйел жоқта, осырақ бір қоңызсың,
Әйел жоқта, кір қожалақ доңызсың.
Әйел жоқта, үйің де жоқ, күйің жоқ,
Әйел жоқта, сен кәдімгі БОМЖСЫҢ!

~~~~~ «Anekdot.Online»«Anekdot.Club» ~~~~~

Тектеш анекдоттор

Добавить комментарий

Проверьте также
Закрыть
Кнопка «Наверх»
Не копируйте текст!